ТОҚТАРОВ ТӨЛЕГЕН
14.11.2013 10:57
toktarov

 

 

1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы ¥лан ауданының Қарақұдық ауылында дүниеге келген.

            Майданға 1941 жылдан бастап кірді.

8-гвардиялық Қызыл тулы, Ленин орденді Панфилов атындағы атқыштар дивизиясының құрамында шайқасқан.

            Мәскеу қаласын қорғау кезінде асқан ержүректік көрсетіп, 100-ден астам гитлершілдің көзін құртты.

            1942 жылдың ақпан айында Бородино селосы үшін болған ұрыста ерекше көзге түсті, фашистердің тұтас бір взводына жалғыз өзі қарсы шықты.

            1942 жылдың ақпан айындағы ұрыста ерлікпен қаза тапты.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 жылғы 30 қаңтардағы Жарлығымен Т.Тоқтаровқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Өскемен және Риддер қалаларында оның есімімен аталатын көшелер бар. Өскемен қаласының Тоқтаров көшесіндегі үйлердің бірінде мемориалдық тақта орнатылған.

            Ол туралы өлеңдер мен әндер жазылған.

            Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында батыр туралы опера қойылған.