ТЕРЯЕВ ПЕТР
14.11.2013 10:47
teryaev

            1922 жылы дүниеге келген.

Орта мектепті бұрынғы Семей облысының Жарма стансасында бітірген.

            Майданға 1943 жылдың наурыз айынан бастап кірді.

78-гвардиялық шабуылдаушы   авиациялық   Мелитополь Қызыл тулы полкінде болған.

            Донбассты, Қырымды, Севастопольді, Белоруссияны, Латвияны, Шығыс Пруссияны, Кенигсбергті азат ету шайқастарына қатысты.

1945 жылдың қазан айына қарай 154 жауынгерлік ұшуды жүзеге асырды.

            Н.Гастеллоның ерлігін қайталап, 1945 жылдың ақпан айындағы әуе шайқасында таңғажайып батырлықпен қаза тапты.

Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, l-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 19 сәуірдегі Жарлығымен П.Теряевке қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Семей қаласындағы көлік колледжінің ғимаратында батырға мемориалдық тақта орнатылған.