СУПТЕЛЬ ИВАН
13.11.2013 17:50
syptel

1919 жылы дүниеге келген. 1937 жылдан Шығыс Қазақстан облысының Глубокое кентінде тұрған.

Майданда 1941 жылдың шілде айынан бастап болды.

Оңтүстік-Батыс, Воронеж және 1-Украин майдандарында шайқасты.

Курск иініндегі ұрыстарда взводты, атқыштар ротасын басқарды.

1943 жылдың қыркүйегінде кіші лейтенант И.Суптельдің ротасы алғашқылардың қатарында Днепр өзенінен Щучинск пункті ayданында өтті.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 23 қазандағы Жарлығымен И.Суптелге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.