СТРЕЛЬНИКОВ ЕФИМ
13.11.2013 17:42
strelnikov

            1905 жылы дүниеге келген.

Соғысқа дейін Семей қаласында еңбек етті.

Ұрысқа 1942 жылдан бастап араласты.

            524-атқыштар полкінің рота командирі болған.

1945 жылдың қаңтар айында Шрейберсдорф ауылының (Польша) тұсында, Одер өзенінен өту кезінде көзге түсті. Аға лейтенант Е.Стрельниковтің басқаруындағы рота 100-ге таяу гитлершілді, 7 пулеметті құртты, тұтқындар мен көптеген соғыс техникасын қолға түсірді.

            1945 жылғы қаңтар айында Ламперсдорф елді мекені (Польша) үшін болған ұрыста ерлікпен қаза тапты.

            Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 10 сәуірдегі Жарлығымен Е.Стрельниковке қаза тапқаннан кейін Кеңес Одагының Батыры атағы берілді.