СПИРИН ВАСИЛИЙ
13.11.2013 17:34
spirin

1926 жылы дүниеге келген. Майданда 1944 жылдың мамыр айынан бастап болды.

18-Млинск Қызыл тулы, 2-дәрежелі Суворов орденді атқыштар дивизиясы 419-атқыштар полкінің құрамында соғысқан. Карел майданындағы шайқастарға қатысты.

Свирь өзенінен өту кезінде, дұшпанның аса маңызды коммуникациясы - Олонец - Петрозаводск тас жолын алу кезіндегі шайқаста ерекше көзге түсті.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 21 маусымдағы Жарлығымен В.Спиринге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1960 жылдың желтоқсан айынан Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарым ауданының Яры ауылында тұрған.