СОЛОМАТИН АЛЕКСАНДР |
13.11.2013 17:30 | |
1922 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Майданға 1942 жылдан бастап кірді. 17-гвардиялық механикаландырылған Қызыл тулы, Суворов орденді бригаданың құрамында соғысты. Одер өзенінен Кебен қаласының (Польша) тұсында өту кезінде көзге түсті. Рота шепті басып алып, оны негізгі күштер келіп кеткенше ұстап тұрды, 8 қарсы шабуылға тойтарыс берді. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 10 сәуірдегі Жарлығымен А.Соломатинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. |