СИНИЦИН ДАНИИЛ
13.11.2013 17:26
sinicin

            1912 жылы туған. 1920 жылдан Семей қаласында тұрған.

Майданда 1942 жылдың шілде айынан бастап болды.

Брянск, Орталық, 1-Украин,   1-Белорус майдандарында соғысқа қатысқан.

            Атқыштар   взводын, рота, батальон басқарған.

1945 жылдың қаңтар айында, Олыневница (Польша) елді мекенінің түбінде дұшпан қорғанысын бұзып өту кезінде көзге түсті. Жаудың қорғанысын жылдам бұзып өтуді қамтамасыз етіп, оны өкшелей қууды ұйымдастырды. Сөйтіп дивизия бөлімдерінің Висла өзенінен ойдағыдай өтуіне ықпал етті.

            Ленин, Александр Невский, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 27 ақпандағы Жарлығымен Д.Синицинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Әскер қатарынан босағаннан кейін Семей қаласына оралды.

            Семей қаласы көшелерінің бірі батыр есімімен аталған.