СИЛИН НИКОЛАЙ
13.11.2013 17:22
silin

            1922 жылы Семей каласында дүниеге келген.

Майданда 1942 жылдың сәуір айынан бастап болды.

8-атқыштар дивизиясының құрамында соғысты.

            Атқыштар взводын, ротасын, батальонын басқара жүріп Курск иініндегі шайқастарға, Десна мен Днепрден өтуге, Кеңес Армиясының Еуропаның бірқатар елдерін азат ету жорығына катысты.

            Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, l-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 16 қазандағы Жарлығымен капитан Н.Силинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Әскер қатарынан босағаннан кейін Семейге оралды.

            Семей қаласы   көшелерінің   бірі батыр есімімен аталған.