СЕРЕДИН ФЕДОР
13.11.2013 17:07
seredin

            1918 жылы бұрынғы Семей облысындағы Бородулиха ауылында дүниеге келген.

            Соғыста 1943 жылдың ақпан айынан бастап болды.

Дала майданы 37-армиясының 24-гвардиялық әуе-десант полкі батальонының командирі, гвардия аға лейтенанты Середин 1943 жылдың қазан айында қолда бар құралдармен Днепрден өтіп, Полтава облысының Переволочка ауылының тұсындагы плацдармды алуды ұйымдастырды.

            1943 жылы ұрыс кезінде ерлікпен қаза тапты.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 20 желтоқсандағы Жарлығымен Ф.Серединге қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Жерленген жерінде Верхнеднепровск ауданының Днепровокаменка ауылында батырға ескерткіш қойылған.