СЕДНЕВ СЕРГЕЙ |
13.11.2013 17:01 | |
1917 жылы Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының Подгорное ауылында дүниеге келген. Майданда 1941 жылдың тамыз айынан бастап болды. Воронеж және 1 -Украин майдандарында соғысқа қатысты. Жеке барлаушылар бригадасының мотоцикл взводында қызмет етті. 1943 жылы Днепрден өту кезінде көзге түсті. Ефрейтор С.Седнев 30 тонналық паромды катермен сүйреуді қамтамасыз етті. 300-ден астам рейс жасап, соғыс техникасы мен жеке құрамды өткізді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 3 маусымдағы Жарлығымен С.Седневке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
|