САФОНОВ ФЕДОР PDF Басып шығару E-mail
Автор: phoenix   
13.11.2013 16:56
safonov

            1923 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Михаиловское ауылында дүниеге келген.

            Майданға 1942 жылдың шілде айынан бастап араласты.

74-гвардиялық Қызыл тулы, Суворов орденді шабуылдаушы авиациялық полктің құрамында болған.

            Белоруссияны, Литваны азат етуге, Кенигсберг пен оңтүстікке таман жерде шоғырланған Шығыс Пруссия неміс әскерін жоюға, Кенигсберг қамалы мен қаласын алуға, Балтық теңізіндегі соңғы қамал - Пиллау қаласын шабуылдауға қатысты.

            Қызыл Ту, 3 және 2-дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 29 маусымдағы Жарлығымен ұшқыш

Ф.Сафоновқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Соғыстан кейін авиацияда қызмет етті.