САФИУЛЛИН ҒАНИ
13.11.2013 16:49
safiylin

            1905 жылы дүниеге келген.

1926 жылы Шығыс Қазақстанға комсомол жұмысына жолданған.

            Майданда 1941 жылдан бастап болды.

Фрунзе атындагы Әскери академияны тәмамдаған соң Қазақстанда құрылған 38-дивизияның,   кейін   Сталинград   түбіндегі іс-қимылдары үшін 73-гвардиялық атауына ие болған атқыштар дивизиясының полк командирі болып тағайындалды.

            Мәскеуді қорғауға қатысты, Сталинград, Курск түбінде соғысты. Белгородты, Харьковті азат ету шайқастарында болды, Днепрден өтті.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 26 қазандағы Жарлығымен Ғ.Сафиуллинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            1973 жылы қайтыс болды.