САПАЛЕВ ИВАН |
13.11.2013 16:44 | |
Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының Московка ауылында дүниеге келген. Майданға 1942 жылдың шілде айынан бастап кірді. 322-атқыштар дивизиясының сапері, бөлімше командирі болған. Мәскеу, Воронеж, Курск, Новгород, Киев, Варшава түбінде соғысты. Берлинді алуға қатысты. Сейм, Днепр, Днестр өзендерінен өтті. Жауынгерлік жолын Прагада аяқтады. Ленин, Қызыл Жұдыз, 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 16 қазандағы Жарлығымен И.Сапалевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыс аяқталғаннан кейін ІІІығыс Қазақстанға оралды. |