РЫЖОВ ГЕОРГИЙ
13.11.2013 16:06
ruzhov

1919 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Соловьево ауылында дүниеге келген.

Майданда 1942 жылдың қаңтар айынан бастап болған.

Согысқа алғаш рет Элиста қаласының түбінде кірді. Днестр өзенінен өту кезінде ерекше көзге түсті.

Ішінде Г.Рыжов бар 11 жауынгерден тұратын топ маңызды биіктікті басып алып, 36 сағат бойы оны корғап тұрды, осы кезде дұшпанның 17 шабуылын тойтарды. Жаудың екі ротаға жуығының көзін жойды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 13 қыркүйектегі Жарлығымен Г.Рыжовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1946 жылдан бастап Алматы қаласында тұрды.

Шығыс Қазақстан облысы Соловьево ауылы көшелерінің біріне батыр есімі берілген.