РУБУСИН СЕРГЕЙ
13.11.2013 16:01
rybysin

            1924 жылы дүниеге келген.

Отызыншы жыл-дардан Семей қаласында тұрды.

            Майданда 1943 жылдың тамыз айынан бастап болған.

47-жеке ранецті отатқыштар батальонының отатқышы, қатардағы жауынгер С.Рубусин 1945 жылдың ақпан айында Шейнау каласының (Польша) тірек пункттерін жою кезіндегі ұрыста ерекше көзге түсті. 20-дан астам гитлершілдердің көзін жойды. Осы шайқаста өзі де ерлікпен қаза тапты.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 10 сәуірдегі Жарлығымен С.Рубусинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Семей қаласы көшелерінің бірі батыр есімімен аталған.