РОЩИН ЛЕВ
13.11.2013 15:55
roshin

            1922 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген.

Майданға 1941 жылдан бастап араласты.

            Ұшқыш, кейін эскадрилья звеносының командирі болған ол жауға қарсы әр түрлі майдандарда ерлікпен шайқасты, 600-ге таяу жауынгерлік ұшуды жүзеге асырды.

            Аға лейтенант Л.Рощиннің жеке жауынгерлік есебінде жаудың жойылған 31 танкі, 137 автомашинасы, 59 далалық артиллериялық қаруы бар 3 паровозы мен 31 теміржол вагонын өртеді, 12 ұшағын құртты.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 26 қазандағы Жарлығымен Л.Рощинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Соғыстан кейін әскери әуе күштерінде қызметін жалғастырды. 1951 жылы командашылар құрамын жетілдіретін Жоғары ұшу-тактикалық курстарын бітірді.         Полковник шенін алып, авиаполк командирі болып тағайындалды.

            1958 жылдың ақпанында Минск түбінде жаңа реактивті әскери ұшақты сынау барысында қаза тапты.

            Өскемен қаласы көшелерінің біріне және Риддер қаласындағы №11 мектепке батырдың есімі берілген.