ПОПОВ АЛЕКСАНДР
13.11.2013 15:51
popov

            1917 жылы Өскемен каласында дүниеге келген.

Майданға 1941 жылы аттанды.

            Қазақстанда құрылған дивизия құрамында Оңтүстік-Батыс, Сталинград, Воронеж және Дала майдандарында соғысты.

Сталинград гвардиялық атқыштар дивизиясының 209-Абганеров атқыштар полкінің штаб бастығы болды. 1943 жылы Днепрден өту кезінде су кедергісін алуға дайындық пен одан өту үшін жауапкершілік осы полкке түсті. Оның алдына қойылған міндет табысты орындалды.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 26 қазандагы Жарлығымен А. Поповқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.