ПОЛЫНИН ФЕДОР
13.11.2013 15:46
polunin

            1906 жылы дүниеге келген.

1907 жылдан қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Самар ауылында тұрған.

            Орынбордағы ұшқыштар мектебін бітіргеннен кейін Қытайға өз еркімен соғысқа кеткен, онда 189 жауынгерлік ұшуды жүзеге асырды.

1937 жылы Қытайдың жапон милитаристеріне қарсы соғысында Ханькоу тобының бомбалаушы авиациясына жетекшілік етті.

            1941 жылдың тамызынан Брянск майданының әскери-әуе күштерін басқарды, Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысты.

            1943 жылдан бастап әуе флотының командирі болды.

1944-1947 жылдары Польша әскерінің әскери-әуе күштерін басқарды.

            1934 жылы Қызыл Ту орденімен марапатталған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1938 жылғы 14 қарашадағы Жарлығымен Ф.Полынинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            1981 жылы кайтыс болды.