ПЛЕШКОВ ПЕТР
13.11.2013 15:38
pleshkov

            1904 жылы дүниеге келген.

Соғыста 1942 жылдың шілде айынан бастап болған.

225-гвардиялық атқыштар полкінің командирі, гвардия майоры П.Плешков 1943 жылдың қыркүйегінде Днепропетровск облысының Домоткань ауылы тұсында, Днепрден өту кезінде көзге түсті. 3 тәулік бойы полк жаудың шабуылына төтеп беріп, плацдармды 2 шақырымға кеңейтті.

            Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, 1 - дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 26 қазандағы Жарлығымен П.Плешковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            1946-1961 жылдары Семей қаласында тұрған.

            Семей қаласы көшелерінің бірі батырдың есімімен аталады.