ПЛЕШКОВ ПЕТР |
13.11.2013 15:38 | |
1904 жылы дүниеге келген. Соғыста 1942 жылдың шілде айынан бастап болған. 225-гвардиялық атқыштар полкінің командирі, гвардия майоры П.Плешков 1943 жылдың қыркүйегінде Днепропетровск облысының Домоткань ауылы тұсында, Днепрден өту кезінде көзге түсті. 3 тәулік бойы полк жаудың шабуылына төтеп беріп, плацдармды 2 шақырымға кеңейтті. Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, 1 - дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 26 қазандағы Жарлығымен П.Плешковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1946-1961 жылдары Семей қаласында тұрған. Семей қаласы көшелерінің бірі батырдың есімімен аталады. |