ПАВЛОВ БОРИС
13.11.2013 15:33
pavlov

            1919 жылы Өскемен каласында дүниеге келген.

Майданға 1941 жылдан бастап Солтүстік флоттың торпедолық катерінің командирі ретінде қатысқан.

            1944 жылдың наурызында торпедолық катерлер іс-қимылының қауіпсіздігін қамтамасыз етті, жау көлігін суға батыруға қатысты.

Солтүстік Норвегия жағалауларындағы шайқаста көзге түсті.

1944 жылдың тамызында торпедолық катерлер тобын басқарған Б.Павлов жаудың 34 кемеден тұратын конвойын күйретуге үлес қосты.

            Үш мәрте Қызыл Ту орденімен марапатталған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 5 қарашадағы Жарлығымен Б.Павловқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Соғыстан кейін Солтүстік флоттағы қызметін жалғастырды.