ОКУНЕВ ГРИГОРИЙ
13.11.2013 15:26
okynev

            1923 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

Ұрыста 1942 жылдың тамыз айынан бастап болды.

            966-артиллериялық полктің зеңбірекшілер командирі, кіші сержант Окунев 1945 жылдың қаңтарында өзінің зеңбірекшілер тобымен Конин каласы (Польша) ауданында гитлершілдер шабуылының жолын кесті. Зеңбіректе жалғыз қалған ол дұшпанның танкісі мен өздігінен жүретін артиллериялық қондырғысын жойды.

Ленин, 1 және 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 31 мамырдағы Жарлығымен Г.Окуневке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.