ОГНЕВ АНДРЕЙ
13.11.2013 15:17
ognev

            1902 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Усть-Нарым ауылында дүниеге келген.

            Майданда 1941 жылдан бастап болған. 8-атқыштар дивизиясы 151-полкінің қатарында соғысты.

Днепрден өту кезінде көзге түсті. Өзеннен өтуді шебер ұйымдастырып, жүзіп өтуге қажетті қарапайым құралдарды жасауда тапқырлық танытты.

            Киевщина жеріндегі Старый Лес ауылының түбінде ерлікпен қаза тапты.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 16 қазандағы Жарлығымен кіші сержант А.Огневке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.