НОВИКОВ ВАСИЛИЙ |
13.11.2013 14:56 | |
1907 жылы дүниеге келген. 1917 жылдан бұрынғы Семей облысының Бородулиха ауылында тұрды. Майданда ол 1941 жылдың шілде айынан бастап болды. 438-танкіге қарсы жойғыш артполктің командирі, подполковник В.Новиков 1944 жылдың ақпанында көзге түсті. Яғни, Черкассы облысы Журжинцы ауылының маңында гитлершілдердің бірнеше шабуылына тойтарыс берген әскери іс-қимылды ұйымдастырды. Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен В.Новиковке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. |