НОВИКОВ ВАСИЛИЙ
13.11.2013 14:56
novikov

             1907 жылы дүниеге келген.

1917 жылдан бұрынғы Семей облысының Бородулиха ауылында тұрды.

            Майданда ол 1941 жылдың шілде айынан бастап болды.

438-танкіге қарсы жойғыш артполктің командирі, подполковник В.Новиков 1944 жылдың ақпанында көзге түсті. Яғни, Черкассы облысы Журжинцы ауылының маңында гитлершілдердің бірнеше шабуылына тойтарыс берген әскери іс-қимылды ұйымдастырды.

            Ленин,   Қызыл   Ту,   Александр Невский, 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен В.Новиковке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.