МЫЗА ВЛАДИМИР
10.11.2013 17:04
miza

            1915 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген.

Майданға 1942 жылдың маусым айынан бастап кірді.

            Рота командирі, батальон командирінің орынбасары болған. 1943 жылғы қараша айында 60-гвардиялық Қызыл тулы атқыштар дивизиясы 185-атқыштар полкінің капитан В.Мыза басқарған батальоны Днепрден ойдағыдай өтті.

            1944 жылғы ақпан айында Мало-Ивановка ауылының маңындағы (Днепропетровск облысы) ұрыста ерлікпен қаза тапты.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 22 ақпандағы Жарлығымен В.Мызаға қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Өскемен қаласындағы көшелердің бірі батырдың есімімен аталады.