МУХАМАДЕЕВ ХАМЗА |
10.11.2013 16:57 | |
1907 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Тарғын ауылында дүниеге келген. Майданда 1943 жылдың мамыр айынан бастап болган. 70-гвардиялық Қызыл тулы атқыштар дивизиясының 245-гвардиялық атқыштар полкі атқыштар взводы командирінің көмекшісі болып соғысты. 1943 жылдың жазында Курск иініндегі Самодуровка ауданында X.Мұхамадиев дұшпанның үш «Жолбарысын», бес орташа танкін қиратты, 60-тан астам солдаты мен офицерінің көзін құртты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 27 тамыздағы Жарлығымен сержант X.Мұхамадиевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. |