МУХАМАДЕЕВ ХАМЗА
10.11.2013 16:57
myhamadiev

            1907 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Тарғын ауылында дүниеге келген.

            Майданда 1943 жылдың мамыр айынан бастап болган.

70-гвардиялық Қызыл тулы атқыштар дивизиясының 245-гвардиялық атқыштар полкі атқыштар взводы командирінің көмекшісі болып соғысты.

            1943 жылдың жазында Курск иініндегі Самодуровка ауданында X.Мұхамадиев дұшпанның үш «Жолбарысын», бес орташа танкін қиратты, 60-тан астам солдаты мен офицерінің көзін құртты.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 27 тамыздағы Жарлығымен сержант X.Мұхамадиевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.