МОЛОДОВ ГЕРМАН
10.11.2013 16:47
molodov

            1914 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген.

1941 жылдан бастап Батыс майданда болған.

            37-полктің 1-батальоны Висла өзенінен өту кезінде Кульм қаласының маңында шайқас басталды.   Жауынгерлер өзеннен өтіп, плацдармды басып алды және бөлімнің өтуін қамтамасыз етті.

            Осы Кульм қаласының маңындағы шайқаста биіктікті алу кезінде Г.Молодов ерлікпен қаза тапты.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Г.Молодовқа қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.