МОЛДАҒАЛИЕВ ЖАНҒАЗЫ
10.11.2013 16:22
moldagaliev

            1917 жылы бұрынғы Семей облысы Абай ауданының Бестамақ ауылында дүниеге келген.

            Майданда ол 1941 жылдан бастап болды.

120-гвардиялық атқыштар полкінің рота командирі, лейтенант Ж.Молдағалиев 1943 жылдың қазан айында Днепропетровск қаласының тұсында алғашқылардың қатарында Днепрден өтті. Оң жағаға жетісімен жауынгерлерді шабуылға көтеріп, дұшпанды қорғаныс шебінен қуып шықты. Сөйтіп плацдармды алуды қамтамасыз етті.

            1943 жылғы қарашадағы ұрыста өз денесімен жау дзотын жауып, қаза тапты.

            Ленин және Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 19 наурыздағы Жарлығымен Ж.Молдағалиевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Батырдың елінде ескерткіш орнатылған. Есімі Семейдегі көшеге және ол жерленген Елизаровка кентіндегі мектепке берілген.