МИЛЛЕР ПЕТР
10.11.2013 16:08
miller

            1910 жылы дүниеге келген. Майданда 1942 жылдан бастап болған. Донда соғысып, Днепрден өткен, Карпатта шайқасқан.

            1943 жылдың күзінде П.Миллердің басқаруындағы танкіге қарсы қолданатын қарушылар взводы жаудың басым күшімен шайқасқа түсті. Олар жаудың назарын өздеріне аудара отырып, оның екі атыс нүктесін жойды. Сөйтіп батальонның өзеннен өтуін жеңілдетті.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.

            КСРО Жогарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 10 қаңтардағы Жарлығымен П.Миллерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            1947 жылдан бастап Өскемен қаласында тұрған.