МИЛЕЦКИЙ ВЕНИАМИН
10.11.2013 15:59
milecki

            1918 жылы дүниеге келген.

1938 жылы Семей кен-металлургиялық жұмысшылар факультетін тәмамдаған.

            Майданда 1941 жылдың қазан айынан бастап болған.

373-бомбалаушы авиаполкінің эскадрилья штурманы, капитан В. Милецкий 1945 жылдың наурыз айында 305 жауынгерлік ұшуды жүзеге асырып, партизандарға жүк жеткізді, жаудың соғыс нысандарын бомбалады.

            Ленин, Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 18 тамыздағы Жарлығымен В.Милецкийге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.