МЕХНИН ФЕДОР
10.11.2013 15:48
mehnin

            1923 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Тарханка ауылында дүниеге келген.

            Майданда 1942 жылдан бастап болған.

            Орталық және 1, 2-Украин майдандарында 14 танкісінің механик-жүргізушісі ретінде coғысқа қатысқан.

            Старшина Ф.Мехнин Терновка деген жер (Винницы және Киев облыстарының түйісінде) үшін болған шайқаста көзге түсті.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 13 қыркүйектегі Жарлығымен Ф.Мехнинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Тарханка ауылындағы орта мектеп батыр есімімен аталған.