МЕРКУЛОВ МАТВЕЙ |
10.11.2013 15:42 | |
1918 жылы бұрынғы Семей облысы Новошульба ауданының Новошульба ауылында дүниеге келген. Майданда 1942 жылдың қараша айынан бастап болған. 676-атқыштар полкі батальонының командирі, майор М.Меркулов 1945 жылдың қаңтарында Пултуска қаласының (Польша маңында шабуылдаушы батальонмен дұшпанның траншеясына басып кіріп, шепке бекінді. Гросс-Вестфален елді мекенінің (Польша) тұсында, Висла өзенінен өту кезінде көзге түскен. Одерде шайқасты. Ленин, Қазан Революциясы, Қызыл Ту, Суворов, Кутузов, 3-дәрежелі Хмельницкий, Александр Невский, 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 29 маусымдағы Жарлығымен М.Меркулов Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.
|