МЕРКУЛОВ МАТВЕЙ
10.11.2013 15:42
merkylov

            1918 жылы бұрынғы Семей облысы Новошульба ауданының Новошульба ауылында дүниеге келген.

            Майданда 1942 жылдың қараша айынан бастап болған.

676-атқыштар полкі батальонының командирі, майор М.Меркулов 1945 жылдың қаңтарында Пултуска қаласының (Польша маңында шабуылдаушы батальонмен дұшпанның траншеясына басып кіріп, шепке бекінді.

            Гросс-Вестфален елді мекенінің (Польша) тұсында, Висла өзенінен өту кезінде көзге түскен. Одерде шайқасты.

            Ленин, Қазан Революциясы, Қызыл Ту, Суворов, Кутузов, 3-дәрежелі Хмельницкий, Александр Невский, 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 29 маусымдағы Жарлығымен М.Меркулов Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.