МАСЛИКОВ АНТОН
10.11.2013 15:26
maslikov

            1926 жылы дүниеге келген.

Ұлы Отан соғысы алдында Семей қаласында тұрып, еңбек етті.

Ұрыста 1944 жылдың маусым айынан бастап болған.

            938-атқыштар полкінің атқышы А.Масликов Витебск облысының Шарипино ауылы тұсында, Батыс Двина өзенінен өту кезінде көзге түскен. Дұшпан оғының астында сол жағаға өтіп, жаудың қайықтарына тап болады және оларды біздің жағаға жеткізеді. Сөйтіп полктің өзеннен ойдағыдай өтуіне ықпал етеді. Осы ұрыста ерлікпен қаза тапқан.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 22 шілдедегі Жарлығымен А.Масликовқа қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.