ЛУТ НИКОЛАЙ
10.11.2013 15:13
lyt

            1918 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Митрофановка ауылында дүниеге келген.

            Майданда 1943 жылдың тамыз айынан бастап болды.

218-гвардиялық атқыштар полкінің кұрамында соғысқан.

Днепрден өту кезінде ерекше көзге түскен. Алғашқылардың бірі болып қарсы жағаға өткен.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен Н.Лутқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            1944 жылғы 14 сәуірде ерлікпен қаза тапты.