ЛИТВИНОВ ВАСИЛИЙ
10.11.2013 14:56
litvinov

             1922 жылы туған.

Ұлы Отан соғысының алдында Өскемен қаласында тұрған.

            Майданға 1941 жылдың тамыз айында аттанып, 55-гвардиялық атқыштар дивизиясының 166-гвардиялық атқыштар полкі атқыштар бөлімшесінің құрамында соғысқан.

            1944 жылдың маусым айында В.Литвиновтын, бөлімшесі Пруженице ауданындағы шайқаста, Птичь өзенінен өту кезінде көзге түсті.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен гвардия аға сержанты В.Литвиновқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Әскер қатарынан босағаннан кейін Өскемен қаласына оралды.