ЛАНДЫШЕВ ИВАН
10.11.2013 14:49
landyshev

1925 жылы дүниеге келген.

Бұрынғы Семей облысының Ақжал кенішінде жұмыс істеген.

Ұрыста 1944 жылғы тамыз айынан бастап болған.

257-атқыштар полкі взводының командирі, лейтенант Ландышев 1945 жылғы   наурыз   айында Штеттин түбінде (Польша) взводты шабуылға көтеріп, алғашқылардың бірі болып жаудың тірек пунктіне кірді. Қатардан шығып қалған рота командирінің орнын басты. Осы шайқаста ерлікпен қаза тапты.

Ленин орденімен марапатталған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 31 мамырдағы Жарлығымен И.Ландышевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Шығыс Қазақстан облысының Ақжал кенішіндегі мектеп батыр атымен аталады.