КУКИН АРКАДИЙ |
10.11.2013 14:36 | |
1914 жылы дүниеге келген. Майданда 1941 жылдың тамыз айынан бастап болған. 1944 жылдың қазан айында 2-Украин майданында, Будапешт қаласынан 85 шақырым қашықтықтағы Кечкемет қаласының түбінде өзінің өшпес ерлігін көрсетті. Сержант А.Кукиннің зеңбірегі жаудың 40 танкісі мен мото-жаяу әскерінің шабуылына төтеп берді. Өз зеңбірегінің жанында қаза тапты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен А.Кукинге қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
|