КУКИН АРКАДИЙ PDF Басып шығару E-mail
Автор: phoenix   
10.11.2013 14:36
kykin

            1914 жылы дүниеге келген. Майданда 1941 жылдың тамыз айынан бастап болған.

            1944 жылдың қазан айында 2-Украин майданында, Будапешт қаласынан 85 шақырым қашықтықтағы Кечкемет қаласының түбінде өзінің өшпес ерлігін көрсетті. Сержант А.Кукиннің зеңбірегі жаудың 40 танкісі мен мото-жаяу әскерінің шабуылына төтеп берді. Өз зеңбірегінің жанында қаза тапты.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен А.Кукинге қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.