КРОНИТ АЛЬБЕРТ
10.11.2013 13:32
kronit

 

 

            1925 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

            Майданда 1943 жылдың тамыз айынан бастап болған.

241 - гвардиялық танкіге қарсы атқыштар полкінің нысанашысы, гвардия кіші сержанты А.Кронит 1943 жылғы қыркүйекте Киев облысының Глебовка ауылының тұсында Днепр өзенінен алғашқылардың қатарында өтті.

            Өзеннің оң жағалауында жаудың басым күшінің шабуылдарын тойтаруда көзге түсті.

            Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 17 қазандағы Жарлығымен А.Кронитке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.