КРАХМАЛЬ АЛЕКСЕЙ
10.11.2013 13:09
krahmal

            1911 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Алексеевка ауылында дүниеге келген.

            Майдан шебінде 1941 жылдан бастап болған.

Брянск, 2-Украин жэне 1-Белорус майдандарында соғысқан.

Корсунь-Шевченко шайқасына қатысқан.

            Оның батареясы 1944 жылғы маусымда Колосы, Скачки, Колотовка жэне Поболово елді мекендерін алуға қатысқан.

Жауынгерлік жолын Германияның солтүстігінде аяқтаған.

2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 28 тамыздағы Жарлығымен А.Крахмальға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.