КОШУКОВ ВЕНИАМИН
10.11.2013 13:00
koshykov

            1922 жылы дүниеге келген.

            Ұрыста 1942 жылдың қыркүйек айынан бастап болған.

14-авиациялық дивизияның құрамында Сталинград түбінде, Қара теңізде және Прибалтикада болған шайқастарға қатысты.

            622-шабуылдаушы авиаполктің эскадрилья командирінің орынбасары, лейтенант В.Кошуков 1944 жылдың қаңтарына дейін 120 жауынгерлік ұшуды жүзеге асырып, жаудың көптеген соғыс техникасы мен адам күшін жойды.

            1944 жылы жауынгерлік ұшу кезінде қаза тапты.

Ленин, Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 13 сәуірдегі Жарлығымен В.Кошуковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.