КОТЕЛЬНИКОВ ЯКОВ PDF Басып шығару E-mail
Автор: phoenix   
10.11.2013 12:54
kotelnikov

            1922 жылы казіргі Шығыс Қазақстан облысының Никольское ауылында дүниеге келген.

            Майдан шебінде 1943 жылдан бастап болған.

            Сталинград түбінде алғаш рет соғысқа кірді.

            Я.Котельников өзінің жауынгерлік жолын 73 гвардиялық Сталинград атқыштар дивизиясының Абганеров атқыштар полкі артиллериялық батареясының командирі ретінде жүріп өтті.

            1943 жылғы күзде Днепрден өту кезінде ерекше көзге түсті.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 26 қазандағы Жарлығымен Я.Котельниковке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Әскер қатарынан босағаннан кейін Алматы қаласында тұрып, еңбек етті.