КОСЕНКОВ ИВАН
10.11.2013 12:49
kosenkov

            1923 жылы бұрынғы Семей облысы Бородулиха ауданының Богословка ауылында дүниеге келген.

            Соғыста 1943 жылдың желтоқсан айынан бастап болған.

1118-атқыштар полкінің зеңбірек нысанашысы, сержант Косенков 1943 жылғы қыркүйек айында Днепропетровск облысының Войсковое селосы тұсында, Днепр өзенінен өту кезінде ерекше көзге түсті.

            Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 22 ақпандағы Жарлығымен И.Косенковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.