КОСЕНКОВ ИВАН |
10.11.2013 12:49 | |
1923 жылы бұрынғы Семей облысы Бородулиха ауданының Богословка ауылында дүниеге келген. Соғыста 1943 жылдың желтоқсан айынан бастап болған. 1118-атқыштар полкінің зеңбірек нысанашысы, сержант Косенков 1943 жылғы қыркүйек айында Днепропетровск облысының Войсковое селосы тұсында, Днепр өзенінен өту кезінде ерекше көзге түсті. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 22 ақпандағы Жарлығымен И.Косенковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
|