КОРНЕВ ИВАН
10.11.2013 12:41
Kornev

            1900 жылы бұрынғы Семей облысы Бесқарағай ауданының Малая Владимировка ауылында дүниеге келген.

            Майданда 1941 жылдың қаңтар айынан бастап болған.

781-атқыштар полкінің   атқыштары қатарында соғысты.

            Пилькаллен кенті үшін (Калининград облысы) 1945 жылғы қаңтар айында болған шайқаста қатардан шығып қалған рота командирінің   орнын басып, алғашқылардың бірі болып елді мекенге кірді. Осы ұрыста ерлікпен қаза тапты.

            Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 19 сәуірдегі Жарлығымен И.Корневке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Батырдың туған жерінде ескерткіш қойылған.

            Бір мектеп оның есімімен аталады.