КОПЫЛОВ ИВАН
10.11.2013 12:33
kopilov

            1920 жылы Шығыс Қазакстан облысы Зырян ауданының Соловьево ауылында дүниеге келген.

            Майдан шебінде 1941 жылдың шілде айынан бастап болды.

1945 жылдың ақпан айында 222-Смоленск Қызыл тулы атқыштар дивизиясы 787-атқыштар полкінің майор Копылов басқарған артиллеристері Одерден өту кезінде көзге түсті.

Александр Невский, l-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылгы 31 мамырдағы Жарлығымен И.Копыловка Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Кеңес Армиясы қатарында қызметін жалғастырды.

            Шығыс Қазақстан облысы Соловьево ауылы көшелерінің біріне батыр есімі берілген.