КОНСТАНТИНОВ ЛАВРЕНТИЙ
10.11.2013 12:24
konstantinov

            1910 жылы дүниеге келген.

            Майданда ол 1942 жылдың қаңтар айынан бастап болған.

22-гвардиялық мотоатқыштар бригадасының барлау ротасындағы автоматшылар взводының командирі, гвардия аға сержанты Л.Константинов 1943 жылғы қыркүйекте алғашқылардың бірі болып Днепр өзенінен Черкассы облысының Григоровка ауылы тұсында өтті.

            1943 жылғы қазан айында ол бір топ барлаушылармен бірге гитлершілдердің үлкен тобының көзін жойды.

            Ленин, Қызыл Жұлдыз, 3-дәрежелі Даңк ордендерімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 10 қаңтардағы Жарлығымен Л.Константиновқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            ¥лы Отан соғысынан кейін Семей облысының Көкпекті ауданында тұрды.

Шегелік ауылында батырға обелиск орнатылған.